24 қазан күні Қазақстанда Кітапханашы күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Жарқайың ауданында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, кітапхана саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Арай Әбенова қатысушыларды құттықтап, аудан әкімі Ербол Кәрімұлы Жүсіпбековтың атынан жылы лебізін білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тіледі.

Кітапхана ісінің дамуына қосқан еңбегі мен үлесі үшін Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Арай Әбенова, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспановтың атынан, Макарова Любовь Викторовнаға Алғыс хат табыстады.

Сонымен қатар, Жарқайың ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен бірқатар кітапхана қызметкерлері марапатталды.

Мереке соңы аудандық мәдениет Үйі қызметкерлері ұйымдастырылған шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1091521?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді