Абай облысында мемлекеттік тұрғын үй қолдау бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлерге өтініш қабылдау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының тұрғындары Семей қаласы, Қарағайлы шағын ауданында орналасқан «№58Е көппәтерлі тұрғын үйден» пәтер сатып алуға өтініш бере алады. «Отбасы банк» АҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталуда.

Нысан сипаттамасы:

– Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Қарағайлы ш/а, 58Е үй

– 1 м² бағасы: 250 000 теңге (таза әрлеуде)

– Пәтерлердің жалпы саны: 72

 1 бөлмелі – 18 пәтер (41,4 м²-ге дейін)

 2 бөлмелі – 36 пәтер (52,7–59,1 м² дейін)

 3 бөлмелі – 18 пәтер (64,5 м²-ге дейін)

Конкурс кезеңі:

Өтініштерді қабылдау: 2025 жылғы 20-27 қазан аралығында

Қатысушыларды іріктеу: 2025 жылғы 28 қазанда

Қатысушыларды іріктеу тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылған күніне қарай жүргізіледі. Егер есепке қою күні бірдей болса, шешуші фактор – Otbasybank.kz порталы арқылы өтініш берген күн мен уақыт болады.

Өтінішті тек Otbasybank.kz порталы арқылы беруге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1091618?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді