Ақтауда қосымша оңға бұрылыс жолақтары салынуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында жол қозғалысын реттеу және кептелістің алдын алу мақсатында қосымша оңға бұрылыс жолақтарын салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба 6, 12, 28 және 31-шағын аудандарында іске асырылып жатыр.

Қазіргі уақытта инженерлік желілерді көшіру және ретке келтіру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, электр, жылу, су және байланыс желілері қайта орналастырылып, жол құрылысына қажетті негіз қалануда.

– Қазіргі таңда жол құрылысына дейінгі дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Инженерлік желілерді көшіру белгілі бір уақытты қажет етеді. Жоба толық аяқталған соң жол қозғалысы айтарлықтай жеңілдейді деп жоспарланып отыр. Тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларын сұраймыз, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Азамат Койчибаев.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1092094?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді