Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы жарысын бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы жарысын бастады.

80 келіге дейінгі салмақта Нұртілеу Өтеген төрешілер шешімімен тәжікстандық Мусо Иброхимзоданы жеңді.

Ал Амелина Бакиева отандасы Фотима Фозилованы мерзімінен бұрын ұтып, сенімді жеңіске жетті.

Аралас жекпе-жек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының тарихында алғаш рет бағдарламасына енгізілді.

Фото: Арлан ОЛЖАБАЙ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1092129?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді