ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТЕМІРЖОЛШЫЛАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 120 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
▪️Арыс қаласында теміржол саласы қызметкерлері «Тaza Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең көлемді іс-шара өткізді.
▪️Табиғатты қорғау мен қаланы көгалдандыруды мақсат еткен бұл игі бастама биыл 120 жылдығын атап өтіп отырған Қазақстан темір жолының мерейтойымен тұспа-тұс ұйымдастырылды.
▪️Шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жомарт Мырзабеков, өңірдің теміржолшы ардагерлері мен Арыс қаласында орналасқан ондаған теміржол мекемелерінің 150-ге жуық қызметкерлері қатысты.
▪️Қатысушылар қаладағы Дендросаябақ аумағына 120 түп ағаш көшетін отырғызды. Бұл – теміржол саласының 120 жылдық тарихына тағзым әрі келешек ұрпаққа жасыл мұра қалдырудың нақты көрінісі болды.
▪️Қала әкімі Қайсар Маңқараев қатысушыларға алғысын білдіріп, теміржолшылардың еңбегін жоғары бағалады.
▪️Іс-шара Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі ұжымынан экологиялық эстафета ретінде қабылданған «Тaza Қазақстан» челленджі аясында өтті. Өңір теміржолшылары бұл бастаманы лайықты түрде жалғастырып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны сақтау – әр азаматтың ортақ борышы екенін атап өтті. Сондай-ақ олар экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде жастардың белсенді болуы қажет екенін айтып, келешек ұрпақты осы ізгі істі жалғастыруға шақырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1091802?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді