ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері жөнінде кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Аталған кеңеске басқарманың барлық қызметкерлері қатысты. Кеңес барысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Е. Каджибекова бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудыратын мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттілігін ескертіп, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың салдарынан әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны туралы сөз қозғады.

Кеңес қорытындысында басқарма қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау, әріптестермен және азаматтармен өзара іс-қимыл кезінде әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеу, жұмыс және жұмыстан тыс уақытта қызметтік этиканы сақтау, мемлекеттік қызметтің имиджін қолдау, сондай-ақ ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы шешім қабылданды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1092544?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді