ТҮРКІСТАНДА ҚАЛА КЕЛБЕТІН КӨРКЕЙТКЕН СУРЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
▪️Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Қабанбай батыр» ескерткіші аумағындағы қабырғаға салынған муралдар байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.
▪️Іс-шара барысында қала басшысы суретшілердің еңбегін жоғары бағалап, олардың шығармашылығы Түркістанның тарихи және мәдени келбетін жаңа қырынан танытып, шаһардың сәулеттік болмысына ерекше сән бергенін атап өтті.
▪️Конкурс «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы көпір алаңдарында ұйымдастырылды.
▪️Байқаудың басты мақсаты — Түркістан қаласының тарихи-мәдени болмысын, рухани келбетін және ұлттық нақышын көркем бейнелеу арқылы қаланың эстетикалық келбетін арттыру, заманауи көркемдік бағыттағы мәдени жобаларды дамыту.
▪️Байқауға кәсіби суретшілер мен әуесқой қылқалам шеберлері қатысып, барлығы онға жуық үміткер өз жұмыстарын ұсынды.
▪️Бағалау қорытындысы бойынша І орынға Ташимбетов Хусан, ІІ орынға Шериев Қанат, ІІІ орынға Төрехан Абылайхан Қанатұлы лайық деп танылды. Байқау жеңімпаздарына сәйкесінше 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық, iPhone және бағалы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1093084?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді