Жастармен ашық диалог: Павлодарда «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Kasip Zhuldyzy 2025» сыйлықтары табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында бейресми жағдайда облыс әкімінің қатысуымен жастар саясаты жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара өңірдің белсенді, талантты және еңбекқор жастарының басын қосты.

Облыс әкімі қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, жас ұрпақтың өңір мен елдің дамуындағы маңыздылығын атап өтті. Кездесу баяндамасыз, бейресми, емін-еркін диалог форматында өтті.

Әрбір жас өзінің сұрағын қойып, идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік алды. Облыс әкімі қатысушыларды мұқият тыңдап, сұрақтарына жауап берді, бастамаларын қолдап, жастарды туған өңірінің болашағына бей-жай қарамай, белсенді болуға шақырды.

– Сіздер сияқты белсенді, дарынды әрі еңбекқор жастар облысымыздың үміті. Сіздердің идеяларыңыз, энергияларыңыз және табандылықтарыңыз – ел болашағының мықты іргетасы. Біз сіздердің бастамаларыңызды әрдайым қолдаймыз, – деп атап өтті облыс әкімі.

Дәстүр бойынша облыстық «Kasip Zhuldyzy 2025» және «Тәуелсіздік ұрпақтары – 2025» конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.

«Kasip Zhuldyzy 2025» конкурсының бес жеңімпазы дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды :«Өнеркәсіп» номинациясында «Горводоканал» ЖШС инженер-зертханашысы – Александра Полякова, «Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу» номинациясында Ақсу қаласындағы «Агата» шаруа қожалығының агрономы – Мәди Сәрсембаев, «Медицина» номинациясында Тереңкөл ауылының фельдшері Арыстан Сапарғалиев, «Білім беру» номинациясында Ертіс ауданының Қызылжар орта мектебінің тәрбиешісі – Гүлмира Айтмағамбетова, «Көлік және логистика» номинациясында «Трамвай басқармасы» АҚ трамвай жүргізушісі – Ольга Качегина.

Сонымен қатар, 20 жас «Кәсіби жетістіктер», «Ғылым», «Білім», «Мәдениет», «Бизнес», «Журналистика», «Инновациялар мен технологиялар» және «Спорт» номинацияларында облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары – 2025» сыйлығының лауреаты атанды. «Медиакоммуникациялар» номинациясында жас ұстаздарға арналған блог авторы Игорь Гноевой және дарынды балаларға арналған музыкалық колледждің SMM маманы, блогер Илья Аверин, «Спорт» номинациясында оқ ату спорты бойынша спорт шеберлігіне үміткер, Азия чемпионатының жүлдегері Кирилл Федькин, «Қоғамдық қызмет» номинациясында есірткі қылмыстарымен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Исламбек Әлжанов және облыстық нашақорлықтың алдын алу кеңесінің Ақсу мен Екібастұз қалалары бойынша кураторы Артём Граблев марапатталды.

Жастар алдында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры Маждай Ахметов пен Павлодар машина жасау зауытының директоры Евгений Ивченко сөз сөйледі. Олар ірі ұжымдарды басқару тәжірибесімен бөлісіп, өмірлік ұстанымдары мен жетістікке жету жолдарын айтты.

Инженер Әділ Рғайбек өзінің тарихымен бөліссе, шығармашыл мұғалім әрі тиктокер Игорь Гноевой миллиондаған қаралым жинаған видеолары арқылы білім беру саласындағы стереотиптерді өзгерткенін айтты.

Балалар анестезиологы Мерхат Амреновтың әңгімесі көрермендердің ерекше ықыласын тудырды – ол кәсіби жұмысты белсенді қоғамдық қызметпен ұштастырып жүрген нағыз маманның үлгісі.

Ақсу қаласының жастары Жұмысшы мамандықтар жылына арналған әзіл-қалжыңды скетч қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кездесу соңында қатысушылар Павлодар облысы жастарының достығы мен бірлігінің символы ретінде естелік суретке түсті.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1092472?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді