Елімізде отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі құрылмақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында еліміздің отын-энергетика кешенін (ОЭК) цифрландыру барысы туралы баяндады.
Ол қазіргі уақытта «Отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі» (EnergyTech) атты салалық платформасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүруде екенін атап өтті.

«EnergyTech платформасы отын-энергетика кешенінің барлық саласын бір платформа базасына біріктіреді. Ол энергетика секторы, кен пайдалану және қайта өңдеуден бастап көмір өнеркәсібіне дейінгі ОЭК-тің 10 негізгі бағыты бойынша басқару процестерін кешенді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жүйені толық көлемде жасап шығарып, өнеркәсіптік деңгейде қолданысқа енгізу 2026–2027 жылдарға жоспарлануда»,

 — деп нақтылады Ерлан Ақкенженов.

Министр биыл 7 цифрлық сервис пайдалануға берілгенін, оның ішінде 2 сервис энергетика секторында жүзеге асырылғанын айтты. Олар:

▫️Күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен оның өту барысын мониторингтеуге арналған цифрлық сервис;
▫️ Шекті тарифті бекітуге арналған цифрлық сервис.

 @KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1093923?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді