
Департаментпен «AK NIET GROUP» ЖШС дәріханасында GPP инспекциясы жүргізілді.✅
🟩Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
GPP стандарты бағытталған:
-халықты сапалы, қауіпсіз, қолжетімді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге,
– пациентке дәрілік препарат туралы сенімді ақпарат беруге,
– салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға,
– рецептуралық ДЗ ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге және орын алған ДЗ жанама әсерлері туралы ақпарат беруге,
– егер ол өзін-өзі емдеу әдісін қолдануды шешсе, халыққа көмек көрсетуге.
GPP талаптарына сәйкестігі сертификатының қолданылу мерзімі-5 жыл (алғашқы екі рет бес жылға беріледі, кейіннен расталған кезде көрсетілген сертификат мерзімсіз болып саналады).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1095280?lang=kk

Жауап қалдыру