ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРНЫНА САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРНЫНА САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Облыс аумағында қоғамдық тамақтану орындарында тағамнан улану бойынша соңғы 3 жылда 6 жағдай тіркеліп, 200-ден аса адам зардап шеккен. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент тарапынан ұдайы тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Бекболатұлы мәлімдеді.

«Биыл Түркістан қаласында орналасқан «Ямми Маки» фаст-фуд орталығынан пицца, суши, тауық тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған 68 адам зардап шегіп, қоғамдық тамақтану орны жабылған. Алайда, жеке кәсіпкер тапсырыспен халыққа қызмет көрсетуін тоқтатпаған. Қаладағы Нышанов көшесі №1А мекенжайындағы осы нысанда екінші рет тамақтан улану жағдайы тіркелді. Жалпы зардап шеккендер саны – 14 адам. Науқастардың барлығы пицца, суши тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған. Орын алған жағдайларға байланысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары тарапынан нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмай өрескел кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды. Қазіргі таңда нысан жабылып, полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, департамент тарапынан 919 тамақтану орнына профилактикалық бақылау жүргізілген» – деп баяндады спикер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1095132?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді