
Зеренді ауданында су өткізу құрылыстарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
Зеренді ауданында көктемгі су тасқыны кезінде шайып кеткен ауылдық елді мекендер арасындағы жол учаскелеріндегі су өткізу құрылыстарын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жоба аясында төрт нысан қалпына келтіріліп, нығайтылды. Өткізілген конкурс нәтижесінде мердігер ретінде жеке кәсіпкер «Адилов» анықталып, аудандық бюджеттен бөлінген 54,3 млн теңге көлемінде келісімшарт жасалды.
Шағалалы және Приречное ауылдарында, сондай-ақ Игілік және Жамантұз бағытындағы жол учаскелерінде құрылыс және жөндеу жұмыстары толық орындалды. Нысандарда негіздері нығайтылып, құрастырмалы темірбетон құрылымдары мен қоршаулар орнатылды.
— Көктемгі су тасқыны салдарынан зақымдалған учаскелерді қалпына келтіру жобасының жүзеге асырылуы ауданның көлік инфрақұрылымының сенімділігін арттырып, ауылдар арасындағы қатынасты жақсартуға мүмкіндік берді, — деді Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Серік Тишибайұлы Исаханов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1095434?lang=kk

Жауап қалдыру