
Абай облысы Аягөз ауданы ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі басталуда. Аудандық кезең жеңімпаздары 25 мектептен 86 оқушы өз білімдерін сынады.
2025 жылдың 27-30 қазан күндері аралығында ережеге сәйкес 12 пәннен дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңдерден тұратын олимпиадалық тапсырмаларды орындады.
27 қазан – келу күні.
28 қазан – кезең
29 қазан – кезең
30 қазан – аппеляция
Жаратылыстану – математикалылық бағыты: биология-3, Физика-9, Химия-8, География-6, Информатика-10, Математика-12.
Қоғамдық – гуманитарлық бағыты: ағылшын тілі-6, Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі-8, Қазақ тілі мен әдебиеті-5, Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі-8, Орыс тілі мен әдебиеті-3. Құқық негіздері-8, Қазақстан тарихы-8.
Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев қатысушыларды құттықтап, сәттілік пен жеңіс тіледі!
Абай облысы «Дарын»облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының маманы Анаргүл Сағатбековнаның басшылығымен Академиялық адалдықты сақтай отырып, олимпиаданың сапалы өту мақсатында барлық кабинеттерде YouTube көрсетілім жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1095498?lang=kk

Жауап қалдыру