Иберо-американдық конституциялық cот төрелігі конференциясы конституциялық бақылау саласында тәжірибе алмасуға мүдделі екенін растады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның VI Конгресіне қатысу аясында Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Иберо-американдық конституциялық сот төрелігі конференциясының Төрағасы, Испания Конституциялық Сотының судьясы Энрике Арнальдо Алькубильямен кездесті.

Тараптар конституциялық бақылау органдарының судьялары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша, оның ішінде Қазақстан мен Испанияның екіжақты ынтымақтастығының әлеуетін тарта отырып, кәсіби тәжірибе алмасу және бірлескен шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1096076?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді