ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылдың қазан айының 30 күні Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті отырысы өтті. Т.Әсіл төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, Арыс қаласы әкім орынбасары Е.Қуандық, Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов, БАҚ өкілдері, есеп беретін тиісті бөлімдер басшылығы және қызметкерлері қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегі мәселелер қаралды:

  1. «Білім бөліміне қарасты мекемелердің, балабақшалардың 2025 жылда қысқа дайындығы туралы есебі»
  2. «Арыс қаласының денсаулық сақтау мекемелерінің 2025 жылы жылытуға дайындықтары туралы»
  3. «Арыс жылу КМК-нің 2025 жылы қысқа дайындығы туралы есебі»

4.«Арыс қаласының Жер қатынастары бөлімінің 2024 жылы атқарған, 2025 жылда жасалған жұмыстарының есебі»

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар атқарған жұмыстарына есеп берді.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.

Арыс қаласының Қоғамдық кеңесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/1096310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді