
Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде 11-сынып оқушылары арасында «Бір күн арнайы қызметте» атты көпсайыстан облыстық чемпионат өтті.
Жарыстың мақсаты – жастардың әскери-қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік сезім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жасөспірімдердің белсенділігі мен елге деген сүйіспеншілігін жоғары бағалады.
Чемпионат барысында оқушылар түрлі спорттық және әскери-қолданбалы жаттығулар бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен командалар алғыс хаттармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-botamoinak/press/news/details/1095761?lang=kk

Жауап қалдыру