ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXIV СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті.
Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етіп ашып, жүргізді. Сессияға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен жауапты қызмет басшылары қатысты.
Жиында қала аппаратының басшысы Қуаныш Нұржанұлы және Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Маханбетович Бердіқұлов сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелерге түсіндірме берді.
Сессия барысында келесі мәселелер қаралды
2023 жылғы 30 наурыздағы №1/4–VІІІ шешімге сәйкес мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және төрағаларын сайлау туралы шешімге өзгерістер енгізу;
Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру;
Сессия қорытындысымен тиісті шешімдер қабылданып, ұсыныстар бір ауыздан қолдау тапты.
Жауап қалдыру