
⚜️ Республика күніне орай Хромтау аудандық Мәдениет орталығында «Мәңгі елдің, мәңгі рухы» атты салтанатты мерекелік шара өтті.
🖼️ Шара басталмас бұрын Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі арнайы тақырыптық көрме ұйымдастырып, ауданның тарихы мен жетістіктерінен сыр шертетін жәдігерлерді көпшілік назарына ұсынды.
Көрмені аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов тамашалап, музей қызметкерлерімен пікір алмасты.
🎤 Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, ел дамуы мен мемлекеттік бірліктің маңыздылығына тоқталды.
– Республика күні – тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің айшықты мерекесі. Бұл күн – халқымыздың рухын көтеріп, елдік пен бірлікті бекемдейтін ерекше сәт, – деді аудан басшысы өз құттықтауында.
🎼 Кеш барысында ауданның мәдениет және өнер саласының қызметкерлері елге деген сүйіспеншілікті, отансүйгіштік пен бірлікті дәріптеген әсерлі әндер мен би қойылымдарын ұсынды.
🏅 Республика күні қарсаңында ел дамуына үлес қосқан азаматтар мен көпбалалы аналар марапатталды.
Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов мерекеге орай тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға «Хромтау ауданының 90 жылдық мерейтойлық медалін» табыс етті.
💐 Сонымен қатар, аналық мейірім мен отбасылық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан көпбалалы аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары тапсырылды.
✨ Бұл марапаттар – туған елге адал қызмет етіп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан азаматтарға деген зор құрмет пен алғыс белгісі.
Ал «Мәңгі елдің, мәңгі рухы» атты мерекелік шара ел тәуелсіздігін ұлықтап, бірлік пен рухты дәріптеген ерекше мереке ретінде есте қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1097276?lang=kk

Жауап қалдыру