«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және еліміздің ірі қалаларының тұрғындарына тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Zakon.kz желілік басылымның және PRG ақпараттық жүйесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Азаматтарға адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, заң қоғамдастығының өкілдері тегін заң консультация берілді, сондай-ақ ЖОО жанындағы заң клиникалары базасында консультациялық қызметтер көрсететін ерікті студенттер тартылды.

Акция қорытындысы бойынша 100 мыңнан астам азамат тегін заң көмегін алды. Жалпы іс-шара 200-ден астам елді мекенде (90 қалада және 164 ауданда және ауылдық округтерде) құқық саласындағы 5 мыңнан астам сарапшылардың қатысуымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1097289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді