Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Хромтау ауданының тұрғындарымен кездесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына биылғы жолдауын насихаттау және өңір бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу, қоғаммен кері байланыс орнату.

🔺Басқосу барысында аудан басшысы Нұрхан Тлеумұратов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, 150 гектарды құрайтын индустриялық аймақ құрылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ білім саласына ерекше көңіл бөлініп, Хромтау қаласындағы №2 гимназиясы мен №4 орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, Жазық ауылында 60 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

⚜️Ал Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев өз сөзінде осы Жолдауға жан-жақты талдау жасап, сонда айтылғандай, енді осы үш жылда елімізді цифрлық мемлекетке айналдыру үшін халық болып күш-жігерімізді жұмсауға шақырды.

🔗 Жиын барысында тұрғындар өзекті мәселелер бойынша сұрақ қойып, өз ой-пікірлерін білдірдіп, Президент кеңесшісіне мағыналы әңгімесі үшін алғыстарын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1097304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді