САРЫАҒАШ: АУДАН  ӘКІМІ ЖҰМЫСТАРДЫ САПАЛЫ АТҚАРУДЫ ҚАТАҢ  ЕСКЕРТТІ 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды саралау мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қала аумағын аралап, бірнеше нысандардың жай-күйімен танысты.

 

Алдымен аудан  әкімі  Сарыағаш қаласының орталық көшелеріндегі жолақ сызықтарының сызылу жұмыстарын тексерді. Қалада жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  жолақтар қатты пластик материалымен және бояу әдісімен сызылуда. Жұмыс барысын қатаң қадағалауды ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырды.

 

Сонымен қатар, аудан басшысы Ы.Шымкентбаев көшесіндегі балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі балалардың қауіпсіздігі мен ойын алаңшасының сапасына ерекше назар аударуды, барлық құрылғылардың беріктігі мен экологиялық тазалығын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

 

Аталған нысанның мердігері – жеке кәсіпкер Ш Жарлыкасымов. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Жобаға сәйкес арнайы орындық,жарықтандыру бағанасы, әткеншек, стандартты сырғанақ , қоқыс жәшіктерін орнату көзделген.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1097363?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді