САРЫҒАШ: САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 шағын ауданын ауыз сумен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Мердігер мекемеге жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды сапалы орындауды тапсырды. Оған қоса, ауыз су жүйесін тарту жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы қажеттігін ерекше атап өтті.

Бүгінде Самал-3 шағын ауданының Талғар көшесінде траншея қазу, диаметрі 110 мм ауыз су құбырын тарту және су құдықшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаның құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталған. Тапсырыс беруші – ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, жұмысты орындаушы мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1097275?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді