ҚР Қаржы министрлігі Алматы әуежайында 6,8 млрд теңгеге заңсыз дивиденд төлемдерін анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Профилактикалық бақылау барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметінде бұзушылықтарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде акционер мәртебесі жоқ заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасында дивидендттердің заңсыз төленгені анықталды. Бұл өз кезегінде стратегиялық объектінің активтері мен даму мүмкіндіктерін әлеуетті түрде төмендете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті.

Тексеру қорытындысы бойынша қаражат әуежайдың шотына толық қайтарылды. Бұл қаражат оны дамытуға, қызмет көрсету сапасын және жолаушыларға көрсетілетін қызметтің жайлылық деңгейін арттыруға бағытталатын болады.

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаровтың айтуынша, 2025 жылы енгізілген жаңа тәсілдердің арқасында бақылау органы жаппай тексерулерден атаулы жұмысқа көшті. Комитет жоғары тәуекел аймақтарына басымдық береді, бұл стратегия тиімділіктің бірден артуына алып келді. Жалпы алғанда, тексерулер 22%-ға қысқарды, ал анықталған бұзушылықтардың сомасы 36%-ға артты. Әрбір тексеру үш еседен астам неғұрлым нәтижелі болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 400,0 млрд теңгеден астам қаражат қалпына келтірілді және қайтарылды, 1,2 млрд теңге айыппұл өндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1149427?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді