
2026 жылғы 29 қаңтарда Қарағанды қаласында өткен облыстық «Әбіш оқулары» байқауында «Сахналық қойылым» номинациясы бойынша аудан намысын қорғаған №33 мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
12 мектеп қатысқан тартысты да дүбірлі додада жас өнерпаздарымыз жүлделі ІІІ орынға ие болып, ауылдың, мектептің және ауданның абыройын асқақтатты.
Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшісі — Ахметова Жансая Қайратқызы.
Байқауға қатысқан команда Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылдық округі, Қарабұлақ ауылының №38 жалпы білім беретін орта мектебінің намысын лайықты қорғады.
Жас өнерпаздарымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! 🌟
Дарынды да талапты оқушыларымыз көбейе берсін, алар асуларыңыз биік болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-balkantau/press/news/details/1150995?lang=kk

Жауап қалдыру