Тескеруді тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты “№72 жалпы білім беретін мектеп” КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша және еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы мектеп қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында, ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына қатысты іс-шаралардың орындалу барысын басты назарға алу мақсатында еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру