
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
Математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды бастауыш сынып оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту мақсатында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» Республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиада үш айналым бойынша өткізілді. Олимпиадаға 55 команда (2-4 сыныптардан 165 оқушы) қатысты.
Жазбаша командалық және ауызша командалық олимпиадасының қорытындысы бойынша «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия» КММ және «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ оқушылары Бас жүлдені жеңіп алды. І жүлделі орынды Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ, №35 ЖОББМ оқушылары иеленді. ІІ орынға №7 ЖОББМЛ, №15 ЖОББМ, №22 ЖОББМЛ, №30 ЖОББМ, «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия», №43 ЖОББМ, №50 ІТ- ЖОББМЛ оқушылары, ІІІ орынға №12 ЖОББМ, №13 ЖОББМ, №16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ, №21 ЖОББМ, №27ЖОББМ, №28 ЖОББМ, №32 ЖОББМ, №38 ЖОББМЛ ие болды. «Математикалық бәйге» жекелей олимпиадасының қорытындысы бойынша 6 оқушы І орын, 25 оқушы ІІ орын, 25 оқушы ІІІ орынды иеленді.
Жеке есепте І орынды жеңіп алған оқушылар: Кенжеғали Мирасбек (2 сынып, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия), Асқаров Абылай (3 сынып, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия), Серік Адина (4 сынып, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия), Нигматулин Джамаль (2 сынып, №6 гимназия), Андреев Мирослав (3 сынып, №6 гимназия), Маваев Амир (4 сынып, №43 ЖОББМ), Республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде Семей қаласының намысын қорғайды.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1151946?lang=kk

Жауап қалдыру