2025 жылдағы МӘС аумақтық бөлімдерінің жұмысы қорытындылары бойынша кеңес өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20.01.2026 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Р.С. Ниязбекова және медициналық-әлеуметтік сараптаманың (МӘС) әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Р.А. Касымова аумақтық МӘС бөлімдерінің 2025 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтізілді.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі мен Алматы қаласындағы медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультативты  комиссиясының (ДКК) төрағалары шақырылды.

Отырыста мүгедектікке бастапқы қолжетімділіктің негізгі көрсеткіштері, толық және ішінара оңалту көрсеткіштері, қалалық емханалар бөлінісінде негізсіз және сапасыз жолдамалар туралы мәліметтер айтылды.

    Куәландырудың мақсаттары мен міндеттері айтылды және куәландыру нәтижелері бойынша есепті кезеңдегі көрсеткіштер талқыланды, статистикалық деректер келтірілді және 031/е нысандарының саны және сапаны жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1151740?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді