2025 жылға арналған жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс аумағындағы жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай жалпы алғанда тұрақты деп сипатталады.

2025 жылы іш сүзегі, сіреспе, безгек, дифтерия, полиомиелит, қызамық, эпидемиялық паротит жағдайлары тіркелген жоқ.

2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда: сальмонеллезбен сырқаттанушылық – 23%-ға, желшешекпен – 9,5%-ға, скарлатинамен – 44,4%-ға, «А» вирусты гепатитімен – 2,2 есеге, COVID-19 коронавирус инфекциясымен – 10,2 есеге, қызылшамен – 90,8%-ға, көкжөтелмен – 2,6 есеге төмендегені байқалады. Облыс бойынша паразиттік аурулармен сырқаттанушылық деңгейі 18%-ға төмендеді.

Көпшілік жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі сақталуда. Эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізіледі, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар уақтылы жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1151813?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді