Әйелдердің құқықтары туралы хабардарлықты арттыру және олардың қоғамдық өмірдегі маңызды рөлін тану Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басымдықтарының бірі болып табылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әйелдердің құқықтары туралы хабардарлықты арттыру және олардың қоғамдық өмірдегі маңызды рөлін тану Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басымдықтарының бірі болып табылады.

Әйелдер бейбітшілікті, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жанжалдардың алдын алуға және реттеуге, сондай-ақ қоғамда инклюзивті диалогты қалыптастыруға маңызды үлес қосады. Мемлекет әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді, олардың барлық деңгейлерде шешім қабылдауға қатысуын, көшбасшылық әлеуетті дамытуды және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауды белсенді қолдайды.

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны және әйелдердің бітімгершілік процестерге қатысуы жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін іске асыруға ерекше назар аударылады.

 Гендерлік теңдікті ілгерілету және әйелдердің қоғамдық, саяси және бітімгершілік бастамаларға белсенді қатысуы сенімнің, келісімнің және тұрақты дамудың нығаюына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1151210?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді