Әуезов ауданында Абзал Нүкеновпен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Әуезов ауданы әкімінің аппаратында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкеновтің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесудің басты мақсаты – әлеуметтік тақырыптар аясында аудан аумағында қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдардың, салалық бөлімдердің, сондай-ақ мәдени және қоғамдық нысандардың қызметімен жан-жақты танысу болды. Жиын барысында жауапты мекемелердің өкілдері өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынды. Әлеуметтік сала, ішкі саясат, білім беру, мәдениет пен спортты дамыту, жастар және діни саясат бағыттарына ерекше назар аударылды. Жұмыс сапары аясында аудан аумағында орналасқан жоғары оқу орындарының тыныс-тіршілігімен танысып, ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген беделді азаматтармен кездесулер өткізілді. Аудан тұрғындарының сұранысын ескере отырып, шығармашылық әлеуетті арттыру мақсатында шығармашылық үйірме орталығын ашу ұсынылды. Бұдан бөлек, Әуезов ауданының әлеуметтік орталығы, «Тең қоғам», «Парасат» және Отбасын қолдау орталықтары үшін жаңа, заманауи ғимарат салу мәселесі көтерілді. Мемлекеттік тіл саясатын жүйелі іске асыру мақсатында тіл бойынша тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігі атап өтілді. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында Райымбек даңғылы, 506А мекенжайындағы бос жер теліміне балабақша салу, сондай-ақ №2 қалалық аурухананы модернизациялау шеңберінде қосымша корпус салу ұсыныс ретінде енгізілді. Сонымен қатар алдағы Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту, мәдени-көпшілік іс-шараларды сапалы әрі мазмұнды форматта ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі ілгерілетуге бағытталған нақты тапсырмалар мен ұсыныстар қалыптастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1150752?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді