Алкагольдің бағасы – адам өмірі: соттың айыптау үкімі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алкогольдік мас күйінде тұрмыстық жанжал барысында жасалған адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу бойынша қоғамда жаңғырық тудырған  іс бойынша айыптау үкімін шығарды.

Ер адам адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу қылмыстары бойынша кінәлі деп танылды.

​Анықталғандай, 2025 жылғы 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданына қарасты Полтавка ауылында «Б» алкогольдік мас күйінде, туындаған  араздық пен қызғаныш негізінде, тұрғын үйді өрттеу   арқылы «И»-ды, «Д»-ны, «Л»-ны  өлтіріп, «К»-ны   өлтіруге оқталған.

Бұлтартпас дәлелдердің, келтірілген зардаптардың ауырлығын және жеңілдететін мән-жайлардың болмауы негізінде, сондай-ақ сотталушының жеке басы туралы деректер мен қылмыстың салдарын ескере отырып, сот әділ үкім шығарып, кінәліні 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

 Алқабилер сотталушының мас болу дәрежесіне қарамастан, қайтымсыз салдарға әкеп соққан қасақана әрекеттер жасағанын анықтады.

Қабылданған шешім жазаның бұлтартпастығы қағидатын растайды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұл қайғылы оқиға алкогольді шамадан тыс пайдаланудың жойқын салдары туралы тағы да ойлануға мәжбүр етеді, себебі ол тым жиі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және орны толмас шығындардың катализаторына айналады.

Өйткені Конституцияға сәйкес әр адам өмір сүруге құқылы және ешкімнің адамды өмірінен өзбетінше айыруға құқығы жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1151599?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді