Алматы облысында мұз үстіндегі қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейдтер өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 қаңтарда Қапшағай су қоймасында қысқы кезеңде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мұз үстіндегі қауіпсіздік бойынша бірлескен профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларымен қатар балық инспекциясының өкілдері және «24 KZ» телеарнасының түсіру тобы қатысты.

Рейд барысында құтқарушылар балықшыларға мұз үстінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салды. Мұз жамылғысының қалыңдығын тексеруге, құтқару құралдарының болуына және мұз үстінде балық аулау кезінде сақтық шараларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Профилактикалық іс-шаралар өткізу кезеңінде су айдынында 100-ден астам адам болды. Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес 2 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысы ТЖД тұрғындарға келесі қауіпсіздік талаптарын еске салады:

  • мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болуы тиіс;
  • құтқару кеудешесін немесе сақтандыру арқанын пайдалану қажеттілігі;
  • бір жерде топ болып жиналуға болмайдығы;
  • мұз ойықтарының арасында қауіпсіз арақашықтық сақтау қажеттілігі;
  • төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласу керек.

Өзіңізді сақтаңыз — су айдындарындағы қауіпсіздік әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1151370?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді