Алматы қаласының химия пәні мұғалімі әлемдегі үздік педагогтердің қатарына енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025–2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ТОП-50 үздік мұғалімнің қатарына кірді.
🔬 2025 жылы байқауға 130-дан астам елден бірнеше мың өтінім түсті. Қорытынды кезеңге білім беру саласына қосқан үлесі мен жоғары кәсіби деңгейін көрсеткен 50 педагог іріктелді.
🧪 Global Teacher Prize білім беру саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі болып саналады және жыл сайын оқушылар мен білім беру қауымдастығына елеулі әсер еткен мұғалімдерді атап өтеді.
🎉 Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылғы 1–5 ақпан аралығында Дубай қаласында өтетін халықаралық білім беру форумы аясында ұйымдастырылады.
🛎️ Қазақстандық педагогтің бұл жетістігі елдегі мұғалімдер даярлау жүйесінің сапасы мен білім беру саласының тұрақты даму деңгейін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1151206?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді