
Ақтау қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ерлан Саркеновтың төрағалығымен Өмірзақ ауылы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне арналған жиын өтті. Жиынға Өмірзақ ауылының әкімі Бисенғали Кенжалиев, сондай-ақ жауапты бөлімдердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, қолжетімділігі және мерзімінде орындалуы мәселелері қаралды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, халыққа қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге анықталған мәселелерді жою және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-aktau-omirzak/press/news/details/1151051?lang=kk

Жауап қалдыру