Ақтау қаласында қысқы кезеңге байланысты коммуналдық қызметтердің жұмысы күшейтілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қолайсыз ауа райы жағдайында қала инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Қала аумағында жолдар, тротуарлар, қоғамдық орындар мен қауіпті учаскелер қар мен мұздан тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарға 400 қызметкер тартылып, арнайы техника пайдаланылуда.

Қар тазалау және көктайғақтың алдын алу шаралары барлық бағыттар бойынша жүргізілуде. Коммуналдық қызметтердің жұмысы тиісті сала мамандарының тұрақты бақылауында.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1150811?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді