
27 қаңтар күні Ақтау қаласында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қаланың негізгі көшелері, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қауіпті учаскелер қардан тазартылып жатыр.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарға тұз аралас құм себілуде. Бұл шаралар көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысына бағытталған.
Жұмыстарға 8 жауапты шебер, 100-ге жуық жұмысшы, 5 жүргізуші тартылып, 3 кран-дозаторлық техника, 1 жүк тиегіш және 1 «Газель» автокөлігі пайдаланылуда.
Қала әкімдігі тұрғындарды жолда және жаяу жүргіншілер өткелдерінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1150817?lang=kk

Жауап қалдыру