Армениялық сарапшылар Қазақстанның конституциялық реформасын елдің тұрақты дамуы жолындағы маңызды кезең ретінде бағалайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ереван, 2026 жылғы 28 қаңтар – Қазақстанның Армениядағы Елшісі Б.Иманбаев Арменияның сараптамалық қауымдастығының өкілдері – Армян саяси сарапшылар қауымдастығының төрағасы М.Шахзадеянмен, Еуразиялық сарапшылар клубының үйлестірушісі, «Интеграция және даму» қоғамдық ұйымының жетекшісі, саяси талдаушы А.Сафарянмен және «Ануш» армян қорының негізін қалаушы А.Климчукпен кездесу өткізді.
 
Кездесу барысында Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ екі елдің сараптамалық және аналитикалық қауымдастықтары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Армениялық сарапшылар Мемлекет басшысы бастамашы болған, мемлекеттік жүйенің жаңа архитектурасын қалыптастыруға, демократиялық институттарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты институционализациялауға бағытталған конституциялық реформаның негізгі ережелерімен таныстырылды. Қатысушылар аталған өзгерістердің елдің тұрақты дамуы үшін шешуші маңызға ие екендігі туралы ортақ пікірге келді.
 
Сараптамалық қауымдастық өкілдері Қазақстанның өңірлік және халықаралық деңгейде сенімді нығайтуға бағытталған жүйелі саясатын ерекше атап өтті. Астананың сыртқы саяси бағыты Қазақстан мен Армения арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге қолайлы жағдай қалыптастыратыны баса айтылды.
 
Жүйелі диалогтың маңыздылығын ескере отырып, армениялық саясаттанушылар Ереванда сараптамалық дөңгелек үстел өткізу бастамасын ұсынды. Аталған іс-шара екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға, сондай-ақ бірлескен ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1152017?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді