
Аудан прокуратурасы балаларды «Жас ұрпақ» қатарына қабылдау бойынша іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қоғамдық қызметке, патриоттық тәрбиеге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қызығушылық танытқан жаңа қатысушылар «Жас ұрпақ» қозғалысының қатарына қабылданды.
Сондай-ақ өткен жылы қозғалысқа қабылданып, белсенді азаматтық ұстаным танытқан балаларға ерекше назар аударылды. Қозғалыс қызметіне белсене қатысқаны, бастамашылдығы және қосқан үлесі үшін олар аудан прокурорының грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, балалардың жауапкершілік сезімін, азаматтық санасын және заңға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1151267?lang=kk

Жауап қалдыру