
Аудан әкімі аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға барлығы 5 азамат жазылып, арқайсысының көтерген мәселесі мұқият қаралып, назарға алынды.
Кездесу барысында ауданға мамандар тарту, мемлекеттік грант алу, жер қатынастары, сондай-ақ турғын үй мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар талқыланды. Әрбір көтерілген бағыт бойынша тиісті бөлім басшыларына заң аясында нақты қолдау көрсетті.
Халықпен ашық, тиімді әрі жүйелі диалог орнату – біздің жұмысымыздың, басты ұстанымы.
Тұрғындардың әрбір ұсынысы мен өтініші – ауданымыздың дамуына серпін беретін маңызды қадам

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1151381?lang=kk

Жауап қалдыру