
Аудан әкімі Ж.Қаражанов кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға 13 тұрғын келіп, өзінің өтініштерін жеткізді. Қабылдау барысында жұмыссыздық, тұрғын үй, кәсіп ашу, өзге де әлеуметтік сипаттағы мәселелер қаралды. Тұрғындар көтерген мәселелер мен ұсыныстарын жіті тыңдап, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме берді. Сондай-ақ, бірқатар мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1150572?lang=kk

Жауап қалдыру