
29 қаңтарда аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу сегізінші сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Садықов Нурдин Есенгелдіұлы өткізді. Сессияға депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Сүгірбай Дамира Маратқызы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Депутаттар «2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №55-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарады, ол бойынша баяндама аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Абдужалиева Светлана Джамалбаевна егжей – тегжейлі жасады.
Сонымен қатар, сессияда Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №21-4 «Қордай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы депутаттарды аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақсана Бейбітқызы хабардар етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday/press/news/details/1150668?lang=kk

Жауап қалдыру