Азаматтарды қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында облыстық Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятова «Азаматтарды қабылдау орталығында» жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты түскен шағымды қарау мәселесі бойынша азамат Ж.-ны қабылдады.
Қабылдау қорытындысы бойынша Департамент басшысы азаматтарға өз құзыреті мен қолданыстағы заңнама шеңберінде көмек көрсетуге дайын екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, өтініш берушінің назарына атқарушылық іс жүргізу тараптары (борышкер/өндіріп алушы) үшін атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мемлекеттік деректер базасында «Тараптар кабинеті» ақпараттық жүйесі әзірленіп, пайдалануға енгізілгені туралы ақпарат жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1150825?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді