«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық «Жібек Жолы» №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім қызметкерлері арасында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» және «Сот шешімін тек сот арқылы және заңда белгіленген тәртіппен шағымдану» тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинар-кеңес өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28.01.2026 жылғы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Р.Норматова «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық «Жібек Жолы» №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім қызметкерлері арасында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» және  «Сот шешімін тек сот арқылы және заңда белгіленген тәртіппен шағымдану» тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинар-кеңес өткізді.

Іс-шара барысында, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша заңнамалық актілер  және сот тәртібімен шешімдерге шағымдану тәртібі түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша, қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тиісті ұсыныстар айтылды, сондай-ақ сот жүйесіне деген сенімді арттыру және оның тәуелсіздік принциптерін түсіндірілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1150977?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді