Балпық ауылдық округінде жасөспірімдер арасында эстафета жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Апталық жоспарға сәйкес Балпық ауылдық округінде жасөспірімдер арасында эстафета жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты өтті. Аталған спорттық іс-шараға округ жастары белсенді қатысып, өзара шапшаңдықтарын, төзімділіктерін және командалық бірліктерін көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
    жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау;
   дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, оның қоғамдағы маңызын түсіндіру;
   спорттық дағдыларды дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және командалық рухты қалыптастыру.
Жарыстың ашылу салтанатында Балпық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Естай Еркебаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай жарыстардың жастардың денсаулығын нығайту мен тәртіпке тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды.
Жарыс барысында қатысушылар ептілік, жылдамдық және ұйымшылдықтарын көрсете отырып, әр кезеңді жоғары деңгейде орындады. Көрермендер тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, жарыс достық әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға:
🥇 «Қыран» командасы
🥈 «Сұңқар» командасы
🥉 «Бүркіт» командасы ие болды.
Жеңімпаз командалар мен барлық қатысушылар арнайы алғысқа лайық. Жарыс соңында үздік командалар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.
Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да осындай спорттық іс-шараларға белсене қатысуларына тілектестік білдіреміз! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1150566?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді