Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық орталық кітапханада жасақталған ақпараттық бұрыш

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық орталық кітапханада жасақталған ақпараттық бұрыш

 

        Жыл сайынғы дәстүр бойынша ақпан айының алғашқы бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесіп ақпараттық-әдістемелік бұрыш жасақтады.

         Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — оқырмандар арасында сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететін демократиялық институттарды дәріптеу және азаматтардың сайлау құқығы саласындағы сауаттылығын арттыру болып табылады.

          Ақпараттық бұрыш келесі мазмұндық блоктарды қамтыды:

  1. Нормативтік-құқықтық база: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Конституциялық заңның өзекті мәтіні, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жазылған жадынамалар.

  1. Сайлау технологиялары және жаңғыру: Дауыс беру процесінің кезеңдері, байқау

институтының маңызы.

  1. Азаматтық белсенділік: Жастар мен алғаш рет дауыс берушілерге арналған

ақпараттық материалдар, сайлаудың қоғамдық-саяси тұрақтылықтағы рөлі.

                 Сонымен қатар ақпараттық бұрыш жұмысы аясында кітапханаға келуші оқырманадар  сайлау комиссияларының қызметі, сайлаушылар тізіміне ену тәртібі және дауыс беру нысандары туралы ақпараттар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inder/press/news/details/1151721?lang=kk