
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған ерекше форматтағы “Қонақ дәрісі” кездесуі өтті.
Кездесуге аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубы мүшелері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты — жас буынның құқықтық мәдениетін қалыптастырып, демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлін тереңірек түсіндіру және олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік позицияны, болашақ сайлаушылардың сайлау және сайлану құқықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Кездесу барысында болашақ сайлаушыларға, сайлауға қатысты келесі өзекті тақырыптар қозғалды:
- Сайлау құқығы және заңнама: Оқушылар Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, дауыс беру процесінің заңдылықтары және әрбір азаматтың конституциялық құқығы туралы тереңірек мағлұмат алды.
- Таңдау еркіндігі: «Менің даусым не шешеді?» деген сауал төңірегінде, әрбір дауыстың ел болашағы үшін маңызды екені нақты мысалдармен түсіндірілді.
Кездесу еркін форматтағы сұрақ-жауап кезеңіне ұласты. Оқушылар тек тыңдаушы ғана емес, өз ойларын еркін айтатын белсенді қатысушы бола білді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inder/press/news/details/1151649?lang=kk

Жауап қалдыру