
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Меңдіханов Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жас және болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениеті» аталған тақырыпта жастармен дөңгелек үстел өткізіліп, оның мақсаты – жас және болашақ сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау процесіне саналы әрі жауапты қатысу мәдениетін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі, азаматтардың сайлау құқықтары мен міндеттері, дауыс берудің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтар қойып, сайлауға қатысудағы белсенді азаматтық ұстанымның қоғам дамуына әсері туралы ой алмасты. Дөңгелек үстел жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-tupkaragan/press/news/details/1151553?lang=kk

Жауап қалдыру