
2026 жылғы 29 қаңтарда Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайында геморрагиялық қызбаның алдын алу және санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту мақсатында оқыту семинары өткізілді.
Семинарды Санитариялық-карантиндік бақылау комитетінің Астана қаласындағы көліктегі санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің бас маманы Кенжебаев Алдияр Нышанұлы ұйымдастырды.
Іс-шара барысында әуежай қызметкерлері мен мамандарға төмендегілер түсіндірілді:
геморрагиялық қызбаның таралу жолдары;
аурудың негізгі клиникалық белгілері;
жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану ережелері;
күдікті науқас анықталған жағдайда терминал немесе ұшақта әрекет ету тәртібі.
Негізгі алдын алу шаралары: шекаралық бақылау бекеттерінде санитариялық-карантиндік талаптарды қатаң сақтау, жолаушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және медициналық қызметтермен жедел байланыс орнату.
Семинардың мақсаты – халықаралық тасымалдаулар кезінде аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуын болдырмау, әуежай персоналының эпидемияға қарсы дайындығын арттыру және халық денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1150504?lang=kk

Жауап қалдыру