«Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибесінен-табысты нәтижеге»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2026 жылдың 29 қаңтар күні “Аягөз ауданы білім бөлімі ” ММ оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы” КММ-де «Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибесінен-табысты нәтижеге» тақырыбында аудандық әдістемелік-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Аягөз ауданы білім бөлімінің әдіскерлері мен аудан мектептерінің ұстаздары қатысты.

  Семинар барысында Бауржанова Асель Бауржановна 6 «А» сыныбында информатика пәнінен «Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.

  Зерттеу жұмысының проблемалық тақырыбы:
Информатика сабақтарында функционалдық сауаттылықты қолдану арқылы білім сапасын арттыру.

  Сабақ іс-әрекеттегі зерттеудің бес қадамына негізделіп, оқушылардың теориялық білімді практикада қолдануына бағытталды. Сабақ барысында практикалық тапсырмалар, топтық, жұптық және жеке  жұмыс, сонымен қатар цифрлық құралдар тиімді қолданылды.

  Нәтижесінде оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, алгоритмдік ойлау, функционалдық сауаттылық, ақпараттық-компьютерлік дағдылары дамыды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1151283?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді