
Қала әкімі Б.Орынбековтің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, прокурор, әкімдіктің бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ордабаев баяндады.
Сондай-ақ, сессияда «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы», «Тараз қаласының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №35-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және т.б. мәселелер қаралды. Депутаттар аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taraz/press/news/details/1151816?lang=kk

Жауап қалдыру